Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999.10.12. № 1930 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше
зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың,
кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 Тізімін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999
жылғы 10 желтоқсандағы № 1930 Қаулысы

 

Осы редакция 2007 жылғы 25 жедтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 Тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

1999 ж. 19 желтоқсандағы

№ 1930 қаулысына қосымша

 

Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек

жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы

өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен

көрсеткіштердің

№ 1 Тізімі

1. Тау-кен жұмыстары

 

Пайдалы қазбаларды шығару, Геологиялық барлау жұмыстары. Шахта, кеніштер, кен орындары, метрополитендер, жерасты арналары, тоннельдер мен басқа да жерасты ғимараттарының құрылысын жүргізу, қайта салу, техникалық қайта жабдықтау және күрделі жөндеу.

1. Шахталардағы, кеніштердегі және кен орындарындағы пайдалы қазбалар шығарудағы; геологиялық барлаудағы, дренажды шахталардағы; шахта, кеніш, кен орындары құрылыстарындағы жерасты жұмыстары

а) толық жұмыс күні жерасты жұмыстарында болатын барлық жұмысшылар

б) жерасты учаскелерінің басшылары мен мамандары

в) шахталардың, шахталармен тең шахта басқармаларының, кеніштер мен кен орындарының басшылары

Бас инженерлер

Бас механиктер

Бас энергетиктер

Директорлар, бастықтар

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом