Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 25.09.03 Ж. № 1193 ЖАРЛЫҒЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары мен монеталары дизайнының
тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығы

 

Осы редакция 2008 жылғы 26 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңының 3-бабына сәйкес қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасы бекітілсiн.

2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Металл ақша дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 11 қарашадағы № 3745 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 49, 452-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н.А. Назарбаев

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2003 жылғы 25 қыркүйектегі

№ 1193 Жарлығымен

бекітілген

Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесiнiң

банкноттары мен монеталары дизайнының

Тұжырымдамасы

1. Жалпы ережелер

1. Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесiнiң банкноттары мен монеталары дизайнының осы тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ережеге және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес әзiрлендi.

2. Тұжырымдама ұлттық валюта - Қазақстан теңгесiнiң банкноттары мен монеталарының дизайнын (бұдан әрi - банкноттар мен монеталар дизайны) әзiрлеудiң негiзгi принциптерiн айқындайды.

3. Осы Тұжырымдамада пайдаланылатын ұғымдар:

1) инвестициялық монеталар - бағалы металдардан жасалған, инвестициялау, нақты құнынан ерекшеленетiн басқа құны бойынша кәде ретiнде жинау объектiсi болып табылатын монеталар. Инвестициялық монеталар нақты құны бойынша заңды төлем құралы болып табылады;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом