Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының белгіленген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын жарнама (визуалдық) объектілері бойынша бір айға төленетін төлем мөлшерін белгілеу туралы
Ақтау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 22 мамырдағы № 9/90 шешімі
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы № 17/159 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 491 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының белгіленген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын жарнама (визуалдық) объектілері бойынша бір айға төленетін төлем мөлшері белгіленсін (қосымша - 1).
2. Ақтау қаласының алаңдары мен магистралдары зоналарға бөлінсін (қосымша - 2 ).
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Е. Қосмағанбетов | Қалалық мәслихат хатшысы Ж. Матаев |
«КЕЛІСІЛДІ»:
Маңғыстау облысы бойынша салық
Комитетінің төрағасы
А.Теңгебаев
22 мамыр 2008 жыл