Орал қаласы бойынша 2008 жылы халықтын нысаналы топтары үшін әлеуметтік
жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 969 қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 26 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 8-1-баптары, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 149 «Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, қала ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын кәсіпорындардың тізбесі, еңбекақы мөлшері мен қаржы көзінің тізбесі бекітілсін (1-қосымша).
2. Әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі, еңбекақы мөлшері мен қаржы көзінің тізбесі бекітілсін (2-қосымша).
3. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Е. Абулхатин) нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберсін.
4. Күші жойылды деп танылсын:
1) Орал қаласы әкімдігінің «Орал қаласы бойынша 2007 жылы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» 2007 жылғы 15 наурыздағы № 563 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-1-66 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 19 сәуірдегі «Жайық үні» газетінің 16 нөмірмен жарияланған);