«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 340 Бұйрығы
(2009.14.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № 224 Бұйрығымен күші жойылды
«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығын, «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. 2008 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдаудың және конкурсты өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін:
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008.29.07 № 455 Бұйрығымен 1) тармақша өзгертілді (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
1) құжаттарды қабылдау - 2008 жылғы 23 маусымнан бастап 29 тамызға дейін:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесінің 2-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін 2008 жылғы 23 маусымнан бастап 30 қыркүйекке дейін;
ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.14.01. № 7 Бұйрығымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) конкурсты өткізу - 2009 жылғы 31 наурызға дейін.
2. Қоса беріліп отырған:
1) «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқыту үшін мәндес мамандықтар тізбесі;
2) «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің оқуы мен ғылыми тағылымдамадан өтуі үшін ұсынылатын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтарының және зертханаларының тізімі;
3) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалылығы кестесі;