Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредитті беру шарттарын анықтау туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы № 402 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 тамыздағы № 743 Қаулысы (2009.16.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датачетверг, 14 августа 2008
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 1 декабря 2009

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредитті беру шарттарын анықтау
туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы № 402 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 тамыздағы № 743 Қаулысы

(2009.16.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қарыз алушы) кредит берудің мынадай шарттары анықталсын:

1) кредит мөлшері 23560000000 (жиырма үш миллиард бес жүз алпыс миллион) теңгені (бұдан әрі - кредит) құрайды;

2) кредитті беру мақсаты «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңының 8-бабына сәйкес қарыз алушының анықталған азаматтардың санаттарына жылдық 4 (төрт) пайыз сыйақы ставкасы бойынша алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру болып табылады;

3) кредит қарыз алушыға жылдық 1 (бір) пайызға тең сыйақы ставкасы бойынша 10 (он) жыл мерзімге мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық шарттарында теңгемен беріледі;

4) республикалық бюджеттен кредитті бөлу кредиттің барлық сомасын қарыз алушының корреспонденттік шотына бір уақытта аудару жолымен жүзеге асырылады;

5) игеру кезеңі кредитті қарыз алушының шотына аударған күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды;

6) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жарты жылдық кезеңдікпен жүзеге асырылады. Есептелген сыйақыны алғашқы төлеу кредит беруші кредитті игерген күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң жүргізіледі;

7) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген кредиттің мерзімі өткен соң бір уақытта жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) кредит шартын жасасуды;

2) кредиттің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және қызмет көрсетілуін бақылауды және оның мониторингін;

3) уақытша бос ақшаны қаржы құралдарына орналастыруды қоса алғанда, қарыз алушының кредитті игеру кезеңінде тиімді пайдалануын қамтамасыз етсін.

3. ҚР Үкіметінің 2009.16.11. № 1844 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом