«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сирия Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Дамаск қаласында Әл-Фарабидің тарихи-мәдени орталығының және кесенесінің құрылысын салудағы, Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс кесенесін қалпына келтірудегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 тамыздағы № 757 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сирия Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Дамаск қаласында Әл-Фарабидің тарихи-мәдени орталығының және кесенесінің құрылысын салудағы, Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс кесенесін қалпына келтірудегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сирия Араб
Республикасының Үкіметі арасындағы Дамаск қаласында
Әл-Фарабидің тарихи-мәдени орталығының және кесенесінің
құрылысын салудағы, Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс кесенесін
қалпына келтірудегі ынтымақтастық туралы келісімді
ратификациялау туралы
Дамаскіде 2007 жылғы 21 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сирия Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Дамаск қаласында Әл-Фарабидің тарихи-мәдени орталығының және кесенесінің құрылысын салудағы, Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс кесенесін қалпына келтірудегі ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті