2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларын белгілеу туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2008 жылғы 16 ақпандағы № 60 шешімі
Осы редакция 2008 жылғы 11 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы»Салық Кодексінің 462-бабына, Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 19-бабының 6) тармақшасына, 101-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына және «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы Қаулысын басшылыққа алып, Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкалары белгіленсін (қосымша).
2. «2007 жылға арналған қоршаған ортаны ластау үшін төлемақының ставкаларын бекіту туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 390 шешімі күші жойылған танылсын, 2007 жылғы 22 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 3562 (2008 жылғы 1 ақпандағы № 16 «Костанайские новости», 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 13 «Қостанай таңы» жарияланған).
3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік күн аяқталғанда қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай облыстық мәслихатыүшінші сессиясының төрағасы | |
| Қостанай облыстықмәслихатының хатшысы | |
КЕЛІСІЛГЕН
Қостанай облыстық мәслихатының
2008 жылғы 16 ақпандағы
№ 60 шешіміне қосымша
2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін
төлемақының ставкалары
| Р/с № | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | Қалдықтардың қауіптілік деңгейі | Шекті ставка, теңге |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 6 |
| 1 | Ластаушы заттардың тұрақты көздерден шығарындылары1 | шартты тонна | | 669 |