Коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидасын бекіту туралы
Маңғыстау облысы әкімінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 5 қаулысы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылдың 28 наурыздағы № 231 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1 қосымшаға сәйкес Коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.
2. 2 қосымшаға сәйкес облыс әкімиятының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Маңғыстау облысының қаржы департаменті (М.Б.Әлібекова), коммуналдық кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерді мемлекеттік басқару органдары коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүліктерді жалдауға (жалға) беру кезінде бекітілген Қағиданы басшылыққа алсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.Қ. Тұрысбековке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Облыс әкімі
1 қосымша
Маңғыстау облысы әкімиятының
2006 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 қаулысымен бекітілген
Коммуналдық меншік объектілерін кейінен сатып алу
құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға) беру
Қағидасы
1. Жалпы ережелер
Осы Қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді. Мемлекеттік коммуналдық меншіктің мүліктері мен мүліктері мен объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) берудің негізгі принциптерін, сондай-ақ жалдау ақысының есеп айырысу тәртібін анықтайды.