Маңғыстау облысының ғимараттары мен имараттарына, жер телімдеріне реттік нөмірлер тағайындаудың талаптарын
белгілеудің, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау ережесін бекіту туралы
Маңғыстау облысының әкімдігінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 364 қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 6 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 27 бабының 1 тармағы 21-4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы ақпараттандыру туралы кейбір заң актілеріне қосымшалар енгізу туралы» заңына және 2006 жылғы 30 наурыздағы № 15/253 «Маңғыстау облысындағы ақпараттандыру» өңірлік бағдарламасын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың шешімін іске асыру мақсатында, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысының ғимараттары мен имараттарына, жер телімдеріне реттік нөмірлер тағайындаудың талаптарын белгілеудің, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау ережесі бекітілсін ( 1 қосымша).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бортникке жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2007 жылғы 22 қазандағы
№ 364 қаулысымен
Бекітілді
Маңғыстау облысы аумағындағы жер телімдеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер тағайындаудың
талаптарын белгілеу, елді мекендердің құрамдас бөлімдеріне атаулар беру және қайта атау
ЕРЕЖЕЛЕРІ