Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерінің бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде (Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе)» 2005 жылғы 17 маусымдағы
№ 27 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2008 жылғы 25 тамыздағы № 45 Бұйрығы
ҚР Бас Прокурорының 2011 жылғы 18 қарашадағы № 122 бұйрығымен 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап; ҚР Бас Прокурорының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 153 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 27 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және 2008 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарын орындау мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: