«Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын
ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну
мерзімдері туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 177 қаулысы
(2007.30.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 22 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007.30.04 № 44 Қаулысымен атауы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007.30.04 № 44 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - брокерлер-дилерлер) жыл сайын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) мыналар кіретін шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепті берсін:
1) 1-нысан бойынша жасалған, шоғырландырылмаған бухгалтерлік баланс (шоғырландырылған бухгалтерлік баланс) (осы қаулының 1-қосымшасы);
2) 2-нысан бойынша жасалған, пайдалар мен зияндар туралы шоғырландырылмаған есеп (кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылған есеп) (осы қаулының 2-қосымшасы);
3) 3-нысан бойынша жасалған, ақша қаражаты қозғалысы туралы шоғырландырылмаған есеп (ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп) (осы қаулының 3-қосымшасы);
4) 4-нысан бойынша жасалған, капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылмаған есеп (меншікті капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп) (осы қаулының 4-қосымшасы);
5) толтырылуы жөнінде осы қаулының 5-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес жасалған, шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазба.