ҚР СТ 2.108-2006
Үздіксіз қозғалыстағы автоматты газ анализаторлары
Орнатуға, техникалық қызмет көрсетуге және тексеруге қойылатын
жалпы талаптар
Мазмұны
1. Қолдану саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Терминдер және анықтамалар
4. Газ анализаторларын орнатуға қойылатын жалпы талаптар
5. Газ анализаторларын тексеруге және техникалық қызмет көрсетуге қойылатын жалпы талаптар
Қосымша (анықтамалық) Библиография
Енгізілген күні 2007.07.01.
1 Қолдану саласы
Осы стандарт өндірістік кеңселердегі және газ өңдейтін зауыттар мен кәсіпорындардың (ГӨЗ және К) сыртқы алаңдарында зиянды заттардың шекті мүмкін концентрациясының (бұдан әрі - 33 ШМК газ анализаторлары) стационарлық газ анализаторларын орнату орнына, олардың техникалық қызмет көрсету және тексеруіне қойылатын талаптарын белгілейді.
Осы стандарт үздіксіз қозгалыстағы автоматты газ анализаторларын пайдалану, орнату, техникалық қызмет көрсету және тексерумен тікелей байланысты кәсіпорындар мен ұйымдарға таратылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта мынадай стандарттарға сілтемелер қолданылған:
ҚР СТ 2.1-2000 Терминдер және анықтамалар.
ҚР СТ 2.4-2000 ҚР МӨЖ. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі.
ҚР СТ 2.79-2000 Шет елде шығарылған заттар мен материалдар қасиеті құрамының стандарттық үлгілері. Қолданысқа енгізу тәртібі. Негізгі ережелер.
ГОСТ 8.315-1997 «МӨЖ. Заттар мен материалдар құрамы және қасиетінің стандарттық үлгілері. Негізгі ережелер.
ГОСТ 8.395-80 Салыстырып тексеру кезіндегі өлшеудің дұрыс шарттары. Жалпы талаптар.
ГОСТ 12.1.005-88 Жұмыс аймағының ауасына қойылатын жалпы санитарлы-гигиеналық талаптар.
ГОСТ 12.1.007-76.ССБТ Зиянды заттар. Жіктеу және жалпы қауіпсіздік талаптары.
ГОСТ 12.2.007.-75 ССБТ. Электр техникалық бұйымдар. Жалпы қауіпсіздік талаптары.
ГОСТ 12.2.020-76 Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі.
ГОСТ 949-73 Рр<19,6 МПа газға арналған кіші және орта көлемдегі құрыш баллондар. Тахникалық шарттар.
ГОСТ 13320-81 МӨЖ. Өнеркәсіптік автоматты газ анализаторлары. Жалпы техникалық шарттар.
ГОСТ 18322-78 Техникалық қызмет көрсету және техникалық жөндеу жүйесі. Терминдер және анықтамалар.