Павлодар облысы Павлодар ауылы әкімінің 2009 жылғы 8 маусыдағы № 13 шешімімен күші жойылды
Павлодар ауылы әкімінің
2008 жылғы 14 мамырдағы
№ 12 шешімімен бекітілген
7 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Жетім қалған және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды аймақтық есепке қою
(2008.18.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Жалпы қағидалар
1. Тап осы стандарт жетім қалған және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды аймақтық есепке қою бойынша мемлекеттік қызмет қөрсету тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны бөлшектеніп автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет 1999 жылғы 7 мауысымдағы Қазақстан Республикасының № 389/1 «Білім туралы» Заңының 6 бабының 4 пункты 4 тармағы, 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1353 «Қазақстан Республикасында баланың құқығы туралы» 1999 жылғы 9 қырқүйектігі № 1346 «Қазақстан Республикасының қамқорлыққа алу және қамқоршылық органдар туралы, патронат туралы және ата-анасының қамқоршылығысыз қалған балалардың ортандырылған есеп ұйымдастыру ережесі туралы қағидаттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметі Павлодар ауылы, Советская көшесі, 4 үйде мекенжайында орналасқан «Павлодар ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - әкім аппараты) көрсетеді.
Павлодар облысы Павлодар қаласы Павлодар ауылдық әкімінің 2008.18.09. № 28 шешімімен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып жетім балалардың және ата-анасының қамқорысыз балаларды аймақтық (алғашкы) есепке алу туралы жазбаша хабарландыру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына қөрсетіледі (әрі қарай - тұтынушы).
7. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі уақыт бойынша мерзімнің шектелуі:
1) пайдаланушының қажетті құжаттарды тапсырған сәттен (тіркеу сәтінен, талон алу және т.б.) мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұрауды бергеннен кейін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1 күнге дейін;