Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Қазақстан Республикасының 2000 ж. 25 желтоқсандағы № 132-II
Конституциялық Заңы
(2006.11.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 17 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бөлiм. Жалпы ережелер (1 - 5 баптар)
2-бөлiм. Сот жүйесі (6 - 22 баптар)
1-тарау. Аудандық және оларға теңестірілген соттар (6 - 9 баптар)
2-тарау. Облыстық және оларға теңестірілген соттар (10 - 16 баптар)
3-тарау. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты (17 - 22 баптар)
3-бөлiм. Судьялар мәртебесі (23 - 55 баптар)
1-тарау. Судьялардың құқықтық жағдайы (23 - 38 баптар)
2-тарау. Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі (39 - 46 баптар)
3-тарау. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету және (47 - 55 баптар)
әлеуметтік қамсыздандыру
4-бөлiм. Соттардың қызметін қамтамасыз ету (56 - 57 баптар)
5-бөлiм. Қорытынды және өтпелі ережелер (58 - 59 баптар)
1-бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Сот билiгi
1. Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актілерін шығаруға тыйым салады.