Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000.19.05 № 764 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Өнеркәсiптiк объектінің қауiпсiздiгі декларациясын ұсынудың тәртібін
және нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 19 мамыр № 764 Қаулысы

 

Осы редакция 2008 жылғы 18 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегі Заңына сәйкес және төтенше жағдайлардың алдын алу және iс-қимылдарға дайындалу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк объектiсi қауiпсiздiгiнiң декларациясын ұсынудың тәртібі;

2) Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк объектiсi қауiпсiздiгiнiң нысаны бекітілсiн.

2. Қоса берiлiп отырған қызметiнiң төтенше жағдайлардың пайда болуына жоғары тәуекелi бар ұйымдардың тiзбесiне енгiзуге жататын қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердi бiрдейлендiруге қойылатын негiзгi талаптар мақұлдансын.

3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi:

1) 2000 жылдың 1 тамызына дейiн қызметiнiң төтенше жағдайлардың пайда болуына жоғары тәуекелi бар ұйымдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекiтуге ұсынсын;

2) белгiленген тәртiппен Өнеркәсiптiк объектiлердiң қауiпсiздiгi декларациясына сараптама жүргiзудi ұйымдастырсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2000 жылғы 19 мамырдағы

№ 764 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк объектiсi

қауiпсiздiгiнiң декларациясын ұсынудың тәртібі

 

1. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, қызметi өндiрiстiң жоғары қауiптiлiгімен байланысты өнеркәсiптiк объектiлердiң (бұдан әрi - өнеркәсiптiк обьектi) қауiпсiздiгін декларациялау қауiпсiздiк шараларының сақталуын бақылауды, өнеркәсiптiк объектiде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі iс-шаралардың жеткiлiктiлiгi мен тиiмдiлiгiн бағалауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом