Павлодар облысы Кенжекөл ауылдық округтік әкімінің 2009 жылғы 10 маусымдағы № 17-1-03/32 шешімімен күші жойылды
Кенжекөл ауылдық округі әкімінің
2008 жылғы 1 шілдедегі
№ 282 шешімімен бекітілген
5 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Зейнеткерлік қорларға, ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне
кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт зейнеткерлік қорларға, ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін белгілейді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 24-бабы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13 бабы, 3-тармағы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңының 114 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйегіндегі «Қазақстан Республикасы қамқорлық және қамқоршылық органдардың Ережелерін бекіту туралы, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған тіркеуді ұйымдастыру Ережелері және патронаты туралы» № 1346 қаулысының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті Кенжекөл ауылы, Конституция алаңы, 3, № 5 кабинет мекен жайында орналасқан «Кенжекөл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкім аппараты) көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны болып зейнетақы жинақын алуға рұқсат беру анықтамасы, ІІМ Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға тиесілі мөлікпен әрекеттерді жүзеге асыруға арналған келісу анықтамасын беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетіледі (бұдан әрі - тұтынушы).
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері: