Павлодар облысы Кенжекөл ауылдық округтік әкімінің 2009 жылғы 10 маусымдағы № 17-1-03/32 шешімімен күші жойылды
Кенжекөл ауылдық округі әкімінің
2008 жылғы 1 шілдедегі
№ 282 шешімімен бекітілген
6 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды және жетім балаларды аймақтық есепке алу
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды және жетім балаларды аймақтық есепке алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін белгілейді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңының 100, 101 бабы, Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 8 тамызындағы «Қазақстан Республикасында баланың құқығы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелерді және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» № 1346 қаулысының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті Кенжекөл ауылы, Конституция алаңы, 3, № 5 кабинет, мекен жайында орналасқан «Кенжекөл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Әкім аппараты) көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды және жетім балаларды аймақтық есепке алу туралы анықтама беру.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетіледі (бұдан әрі - тұтынушы).
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап көрсету мерзімдері екі жұмыс күн ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге ең ұзақ уақыт - 30 минутқа дейін;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 30 минутқа дейін.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.