Введите номер документа
Прайс-лист

«Банктің мүлкін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 191 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 28 ноября 2008
Статус
Утратил силу
утратил силу с 2 октября 2009

Банктің мүлкін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2008 жылғы 28 қарашадағы № 191 Қаулысы

 

ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 176 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-1-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Банктің мүлкін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Агенттік Басқармасының «Міндеттемелердің бір бөлігін және мәжбүрлеп таратылатын банктің дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарын, мүлкін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 57 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4657 тіркелген) өзінің күшін жойды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбеллік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (З.С. Жұмабаева):

1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, «Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ға мәлімет үшін жіберсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом