Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы № 1127 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 1168 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Орта мерзімді кезеңге арналған (2007 - 2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы № 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 471-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Орта мерзімді кезеңге арналған (2007 - 2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 1168 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 28 қарашадағы
№ 1127 қаулысымен
бекітілген
Орта мерзімді кезеңге арналған (2007 - 2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің
тізбесі
| р/с № | Атауы | Конкурсты ұйымдастырушы |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. Жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде жүзеге асырылатын қолда бар мемлекеттік меншік объектілері |
| 1. | «Алматы - Өскемен» автомобиль жолының «Алматы-Қапшағай» учаскесін салу (қайта жаңарту) және пайдалану | ККМ |
| 2. | «Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке)-Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы» автомобиль жолының «Астана - Қарағанды» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану | ККМ |
| 3. | «Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістерімен Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Шымкент - Тараз - Қорғас» автомобиль жолының «Алматы - Қорғас» учаскесін қайта жаңарту және пайдалану | ККМ |
| 2. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер |
| 4. | Ералиев - Құрық теміржол учаскесі | ККМ |
| 5. | Қорғас - Жетіген теміржол учаскесі | ККМ |
| 6. | Мақат - Қандыағаш теміржол учаскесін электрлендіру | ККМ |
| 7. | Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласындағы газдытурбиналық электр станциясы | ЭМРМ |
| 8. | Ақтау халықаралық әуежайының жолаушылар терминалы | Маңғыстау облысының әкімдігі |
| 9. | «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану | ККМ |