Қарағанды қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы
Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған ХVI сессиясының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 171 шешімі
(2009.30.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қарағанды қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 2-9/224 шешімімен к.ші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XVIII сессиясының 2009.4.02. № 190 шешімімен (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); Қарағанды облысы Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.24.04. № 204 шешімімен (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.09.09. № 255 шешімімен (бұр.ред.қара); Қарағанды облысы Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.30.11. № 280 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2009 жылға арналған қала бюджеті 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 23 217 419 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 11 857 470 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 84 383 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 1 570 647 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 9 704 919 мың теңге;
2) шығындар - 23 575 585 мың теңге;
3) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 298 723 мың теңге:
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 277 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 496 000 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы - 656 889 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 656 889 мың теңге:
қарыздар түсімі - 850 000 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 440 000 мың теңге.
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 246 889 мың теңге.