Астана қаласының 2009 жылға арналған бюджет туралы
Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 163/28-IV шешімі
(2009.20.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Астана қаласы мәслихатының 2009.08.04 № 208/32-IV Шешімімен (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.21.04. № 213/33-IV шешімімен (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.26.08. № 239/37-IV шешімімен (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); Астана қаласы мәслихатының 2009.20.11. № 276/41-IV Шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Астана қаласының 2009 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 302 337 439 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 55 899 140 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 1 725 575 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 12 996 080 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 231 716 644 мың теңге;
2) шығындар - 268 390 203 мың теңге;
3) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 36 773 000 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу - 36 773 000 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) - (2 825 764) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) 2 825 764 мың теңге;
6) қарыздар түсімі бойынша - 7 800 000 мың теңге.
2. «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті бюджеттің кірісіне төмендегілер есепке алынатындығын назарға алу:
бірыңғай бюджеттік сыныптаманың кіріс сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды алуға арналған салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған өзара шарт бойынша салық тәртібі тұрақтылығының кепілдіктерін сақтайтын роялти;