Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы декларацияларын тапсыру
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі
Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 31 мамырдағы № 363 бұйрығы
Осы редакция 2008 жылғы 1 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңның 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы декларацияларын тапсыру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Акциздерді әкімшілендіру басқармасы (Н.Д. Байғазиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы (Р.Ю. Юсупов):
осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын;
облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы салық комитеттерінің назарына жеткізсін.
4. «Этил спирті мен алкогольді өнімдердің өндірісі мен айналысын мағлұмдаудың тәртібі» Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Алкогольді өнімдердің өндірісі мен айналысына бақылау жасау жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 30 маусымдағы № 9 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1998 жылғы 21 шілдеде № 539 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Салық комитеті
Төрағасының 2007 жылғы
31 мамырдағы № 363 бұйрығымен
бекітілген
Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру
және айналымы декларацияларын тапсыру
ережесі
1. Жалпы ережелер