2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы ІІІ сессиясының № 35 шешімі
(2008.04.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 20 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды облыстық мәслихатының 2008.27.03. № 79 шешімімен (бұр.ред.қара); 2008.22.05. № 119 шешімімен (бұр.ред.қара); Қарағанды облыстық мәслихатының 2008.18.06. VІІ сессиясының № 129 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); Қарағанды облыстық мәслихатының IX сессиясының 2008.21.08. № 145 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); Қарағанды облыстық мәслихатының XI сессиясының 2008.04.10. № 159 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 2008 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 83735824 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері - 23905979 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 542797 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 59287048 мың теңге;
2) шығындар - 82120689 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 1615135 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - 1829204 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 2400000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 570796 мың теңге;
5) қаржылық активтермен операция бойынша сальдо - 1071500 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді алу - 835000 мың теңге;
6) бюджеттің дефициті - алу 1285569 мың теңге;
7) бюджеттің дефицитін қаржыландыру - 1285569 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері - 850 000 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 1177 мың теңге;
бюджет қаражаттары қалдықтарының қозғалысы - 436746 мың теңге.