Введите номер документа
Прайс-лист

«Экспортқа арналған ренталық салық бойынша салық есептілігін (декларация) жасау ережелері» (570.00-нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 25 декабря 2008
Статус
Утратил силу
утратил силу с 13 октября 2010

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2008 жылғы 25 желтоқсандагы

№ 611 бұйрығымен бекітілген

 

ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы  25 желтоқсандағы  № 611 бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады

 

Экспортқа арналған ренталық салық бойынша салық есептілігін (декларация) жасау ережелері

 (570.00-нысан)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және экспортқа арналған ренталық салықты есептеуге арналған, осы Ережелер қосымшасына сәйкес (бұдан әрі - Декларация) экспортқа арналған ренталық салық бойынша салық есептілігі нысанын жасау тәртібін айқындайды. Экспортқа арналған ренталық салық бойынша Декларация шикi мұнай, газ конденсатын, көмірді экспортқа өткізетін жеке және заңды тұлғалармен жасалады.

2. Декларация. Декларация Декларацияның өзінен (570.00-нысан) және экспортқа арналған ренталық салықты есептеу туралы ақпаратты нақты көрсету үшін арналған, оған қосымшадан (570.01-нысанынан) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер жоқ болғанда Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Тиісті көрсеткіштерді нақтылауды қажет ететін, Декларация жолдарын толтыру кезінде Декларацияға қосымша міндетті түрде толтырылады.

6. Есепте соманың теріс мәні тиісті жолдың  бірінші сол торкөзінде «- » белгісімен көрсетіледі.

7. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом