Осы редакция 2008 жылғы 3 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Облыс әкімдігінің
2008 жылғы 4 сәуірдегі
№ 99 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты:
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу»
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу.
2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі 88 тармағы;
2) Ақтөбе облысы әділет департаментінде 2006 жылғы 25 желтоқсанда № 3193 тіркелген «Жеңілдіктер беру туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 317 шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет қызметті тұтынушының тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (одан әрі Бөлім) көрсетіледі (осы стандартқа 1-қосымша).
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімі.
6. Мемлекеттік қызмет 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - бір ай;
2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген уақыт - 30 минут;
3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген уақыт - 20 минут.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.
9. Осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген тізімдер, сондай-ақ арнайы ақпарат көздері, мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық мәліметтер Бөлімнің стендтерінде, www.akimat.info веб-сайтында жазылған.