Осы редакция 2008 жылғы 3 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Облыс әкімдігінің
2008 жылғы 4 сәуірдегі
№ 99 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты:
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу»
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы:семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу.
2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету:
1) «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 11 бабы;
2) «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысы;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі 23 тармағы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет қызметті тұтынушының тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (одан әрі Бөлім) көрсетіледі (осы стандартқа 1-қосымша).
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): тіркеу, есепке алу, жеңілдік және өтемақы ұсыну.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1) әуе және жер асты ядролық жарылыстары кезінде (1949-1965 жылдары) радиоактивті зиянды қалдықтар аумағында әскери қызметін өтеген немесе жұмыс жасаған азаматтарға;
2) жер асты ядролық жарылыстары кезінде (1966-1990ж.ж.) осы аймақта тұрған, әскери қызметін өтеген немесе жұмыс жасаған азаматтарға;
3) осы аймақта әлеуметтік-экономикалық жеңілдік мәртебесімен 1949-1990 жылдары тұрған, әскери қызметін өтеген, жұмыс жасаған азаматтарға.