Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1213 Қаулысы
(2010.30.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1213 қаулысымен
бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ 2009-2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ
Астана қаласы - 2008 ж.
Мазмұны
1. Миссия және пайымдау
2. Ағымдағы жағдайға талдау
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қызметінің стратегиялық бағыты, мақсаттары мен міндеттері және негізгі нысаналы индикаторлары
3.1. Мемлекеттік органдармен қол қоюға жоспарланған келісімдер негізінде ведомствоаралық өзара іс-қимылдар
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің функциялық мүмкіндіктері
6. Мүмкін болатын қауіптер
7. Нормативтік құқықтық актілер және Мемлекет басшысының тапсырмалары
8. Бюджеттік бағдарламалар
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің миссиясы:
Мемлекеттік саясатты әзірлеу, іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және денсаулық сақтау саласындағы қызметтерді ұсынуды мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің пайымдауы:
Дені сау бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыруға бағытталған тиімді денсаулық сақтау жүйесі
2. Ағымдағы жағдайға талдау
Халықтың денсаулық жағдайы мемлекеттің өз азаматтарының алдындағы оның жауапкершілік дәрежесін көрсететін әлеуметтік бағдарлылығының біріктірілген көрсеткіші болып табылады. Дамытудың, нығайтудың және азаматтар саулығының ұзақ мерзімді бағдарлары 2030 жылға дейін Қазақстанның даму стратегиясымен 1997 жылы бекітілген болатын. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту сала алдына қол жетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесін құруға бағытталған ұстанымдық жаңа міндеттерді қоюға мүмкіндік берді.
2004 жылы Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа» атты Жолдауын орындау үшін әзірленген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) қабылданды. Мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасында қолжетімді сапалы, әлеуметтік-бағдарланған және экономикалық тиімді жүйені дамытуға бағытталған қажетті шаралар жиынтығын белгіледі.
2007 жылы техникалық жаңғырту, инфрақұрылымды дамыту саласындағы көлемді инвестицияларға бағытталған Мемлекеттік бағдарламаның І кезеңін іске асыру аяқталды, бастапқы медициналық-санитарлық көмекті нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, медициналық қызметтің сапасын арттыру міндеттері шешілді.
Қазіргі таңда денсаулық сақтау ісін дамыту институционалдық қайта құрылу, кадр әлеуетін дамыту, сапалы медициналық қызмет ұсыну кезеңіне енеді. Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру басым бола бастайды, бұл Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру - мемлекет саясатының басты мақсаты» атты Жолдауында көрсетілген.
Таяу арадағы үш жылда денсаулық сақтау саласын дамытуға мынадай болжамды үрдістер әсерін тигізетін болады:
| Үрдістер мен бар өзгерістер | ДС жұмысына әсерін тигізетін факторлар |
| Демографиялық жағдай |
| Күтілетін туудың өсуі: 1 000 адамға 2007 ж. - 20,79; 2011 ж. - 24,0 Халықтың жалпы санындағы балалардың үлес салмағын ұлғайту: 2007 ж. - 23,9%; 2011 ж. - 24,5% 65 жастан асқан адамдардың үлес салмағын төмендету 2007 ж. - 7,7%; 2011 ж. - 6,86% Еңбекке қабілетті халықтың саны* (2007 ж. - 9967,2 мың адам; 2011 ж. - 10050,0 мың адам) Қала халқы санының өсуі* (2007 ж. - 8265,9 мың адам; 2011 ж. - 9600,0 мың адам) | Ана мен баланы сақтау жөніндегі қызметке сұранысты ұлғайту Медициналық қызметке сұраныстың өсуі, жоғары мамандандырылған медициналық көмектің (ЖММК)** жекелеген түрлеріне (кардиохирургия, трансплантология, нейрохирургия) арналған «күту парақтарының» пайда болу ықтималдығы Халықаралық стандарттарға жауап беретін қазіргі заманғы денсаулық сақтау объектілеріне деген қажеттіліктің өсуі |
| Денсаулық жағдай |
| Таралған қауіп факторларының (қозғалыс белсенділігінің төмендігі, құнарсыз тамақтану, темекі шегу, алкоголь) халықтың денсаулық жағдайына жағымсыз әсері «Өркениет ауруларымен» сырқаттанушылықтың өсуі: - Қанайналым жүйесі аурулары 2007ж. - 100 мың адамға 1906,6; 2011 ж. - 2274,9 - онкосырқаттанушылық 2007 ж. - 496,9; 2011 ж. - 516,4 - қант диабеті 2007 ж. - 129,2; 2011 ж. - 162,1 Мультирезистенттік нысандар үлесінің ұлғаюы мен туберкулезден жалпы сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің төмендеуі АИТВ/ЖҚТБ-ның таралу үрдісін ұлғайту Психикалық ауруларды жеткіліксіз анықтау кезінде халықтың психикалық денсаулығының нашарлауы (психикалық және мінез-құлықтық бұзылулармен сырқаттану: 1992 жылы 1 618,5; 2007 жылы 1 897,4.) | Әлеуметтік елеулі аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі медициналық қызметке деген сұранысты арттыру, ЖММК-ке* қажеттілікті ұлғайту 2007 ж. - 43,3 мың жағдай; 2011 ж. - 52,9 мың жағдай Медициналық кадрларға (кардиохирургия, эндокринология, онкогематология) қажеттіліктің өсуі Халықаралық стандарттарға жауап беретін қазіргі заманғы денсаулық сақтау объектілеріне деген қажеттіліктің өсуі Мультирезистенттік нысандарды емдеу үшін хоспистері мен бөлімшелерге қажеттіліктің өсуіне байланысты туберкулезге қарсы мекемелерде (бөлімшелерде) стационарлық көмекті тұтынуды төмендету. Резервтік қатардағы препараттарға деген қажеттіліктің өсуі. Шолушылық эпидемиологиялық қадағалауды күшейтудің және мінез-құлық қаупі топтарында есірткілерді тұтыну зиянын төмендету бағдарламасын енгізу қажеттілігі. Психологтық-психиатриялық көмек қызметтеріне деген қажеттіліктің өсуі. Психикалық бұзылулардың статистикалық есебін жетілдіру қажеттілігі. |
| Медициналық қызмет нарығын кеңейту |
| Халықтың әл-ахуалының өсуі, сапалы медициналық қызметке және қазіргі заманғы дәрілік заттарға сұранысты ұлғайту | Медициналық қызметті жеткізушілердің арасындағы бәсекелестікті ұлғайту, ерікті медициналық сақтандыру нарығын дамыту |
| Қоршаған ортаның әсері |
| Табиғи және техногендік сипаттағы факторлар әсерлерінің салдарынан экологиялық жағдайдың нашарлауы | Қоршаған ортаның зиянды әсерлеріне байланысты ауруларды (тыныс алу органдарының аурулары, онкологиялық аурулар, аллергиялық аурулар және т.б.) диагностикалау және емдеу жөніндегі медициналық қызметке деген сұранысты ұлғайту. |
Бұл үрдістер шешуді талап ететін қазіргі уақытта бар жүйелік проблемалармен өзара байланысты қарауы қажет:
1) Азаматтар денсаулығы деңгейінің төмендігі.
Әйелдер мен балалар денсаулығының жеткіліксіз деңгейі, әлеуметтік елеулі аурулардың таралушылығы, қоғамдық денсаулық деңгейінің төмендігі және тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен жеткіліксіз қамтамасыз ету тұтасымен азаматтар денсаулығы деңгейінің төмендігін айқындайды.
1-график. 2003-2007 жылдарда Қазақстан Республикасының демографиялық көрсеткіштерінің динамикасы (1000 адамға шаққанда)

Соңғы жылдары Қазақстанда халықтың туу деңгейінің 18,42-ден (2005 жылы) 20,79-ға дейін (2007 жылы) артуы, өлім-жітім көрсеткішінің тұрақтануы - 10,22 (2005 жылы - 10,37), халықтың табиғи өсуі коэффициентінің 1000 адамға 10,57 (8,05)-ге дейін ұлғаюы байқалады. Демографиялық жағдайда позитивті алға басуға қарамастан әйелдер мен балалар денсаулығының төменгі деңгейі сақталуда. Ұрпақты болу денсаулығы проблемасы өзекті күйінде қалып отыр, 16%-ға дейінгі неке ұрықсыз болып отыр. Аналар өлім-жітімінің көрсеткіші жоғары күйінде қалып отыр және соңғы жылдар бойы оның 100 000 тірі туғандарға (2003 жыл) 42,2-ден 46,8-ге (2007 жыл) дейін ұлғаю үрдісі байқалады. Мұның негізгі себептері аборттардың жоғары деңгейі мен сырқаттанушылықтың (жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар, анемия) салдарынан болатын акушерлік қан кетулер, гестоздар, экстрагениталдық патология болып табылады. Бұл жағдай медициналық қызмет сапасының нашарлығынан және тиісті стандарттардың жоқтығынан қиындай түседі.
2-график. 2003-2007 жылдарда Қазақстан Республикасының ана (100 000 тірі туылғандарға шаққанда) және нәресте өлім-жітімі көрсеткіштерінің динамикасы (1000 тірі туылғандарға шаққанда)

Нәрестелер өлім-жітімі көрсеткішінің төмендеу үрдісіне қарамастан 1 000 тірі туғандарға (2003 жыл) 15,3-тен 14,57 (2007 жыл) дейін төмендеуіне қарамастан, бұл көрсеткіш дамыған елдер мен ТМД-ның көптеген елдерінің ұқсас индикаторларынан артады. Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінде1 (ҒБИ), Қазақстан нәрестелер өлім-жітімінің деңгейі бойынша 1 000 тірі туғандарға (2004 жыл) 63,0 көрсеткішпен 107 позицияны иеленеді, бұл ретте статистикалық мәліметтердің айырмашылығы тірі және өлі туудың халықаралық өлшемдерінің негізінде есептеулерді пайдаланумен түсіндіріледі. Нәрестелер өлім-жітімінің құрылымы осындай дамыған елдерге сәйкес келеді және алдын алуға болатын себептермен (асфиксия, туу жарақаттары мен жұқпалар) түсіндіріледі. Ағымдағы жылы республика шеңберінде тірі және өлі туудың халықаралық өлшемдері2 енгізілген Қазақстан Республикасындағы аналар мен балалар өлім-жітімін төмендетудің 2008-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру басталды. Бағдарламаны іске асыру босандыру және балалар ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсартады, жаңа перзентханалар мен балалар ауруханалары салынатын болады, перинатология саласында алдыңғы қатарлы технологиялар енгізілетін болады. Ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында республиканың барлық аумағында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған бағдарламаларды енгізу жалғастырылатын болады: емшек сүтімен қоректендіруді қолдау және ынталандыру, ана болу қауіпсіздігі, перинаталдық көмекті өңірлендіру, бала жасындағы ауруларды сабақтас емдеу. Барлық жерлерде диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамалары енгізілетін болады, ағарту жұмыстары және халықты хабардар ету жандандырылады, ұрпақты болу денсаулығы саласында жұмыс істейтін мамандардың біліктілігі арттырылатын болады.
Нәтижесінде бұл 2011 жылға қарай аналар өлім-жітімінің деңгейін 40,0-ге дейін және нәрестелер өлім-жітімінің деңгейін 24,0-ге дейін төмендетеді.
________________
1 The Global Competitiveness Report 2007 - 2008 (Word Economic Forum, 2007)
2 The Global Competitiveness Report 2007 - 2008 (Word Economic Forum, 2007)
3-график. 2003-2007 жылдарда Қазақстан Республикасында күтілетін өмір сүру ұзақтығы

Әлеуметтік елеулі аурулар айтарлықтай экономикалық шығын әкеледі және күтілетін өмір сүру ұзақтығын төмендетеді, 2007 жылы өмір сүру ұзақтығының деңгейі 66,38 жасты құрады (ҒБИ рейтингінде Қазақстан өмір сүру ұзақтығы 64 жас көрсеткішімен 101 позицияны иеленеді, 2004 жылғы мәлімет). Қанайналым жүйесінің аурулары, қатерлі ісіктер, туберкулез бен АИТВ/ЖҚТБ мәні зор болып отыр.
Жалпы өлім-жітім құрылымында барынша үлкен үлес салмақ (51,7%) қанайналым жүйесінің ауруларына (ҚЖА) келеді. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2007 жылы ҚЖА-дан қайтыс болғандардың саны 81 793 адамды құрады, бұл ретте еңбекке қабілетті адамдардың жасы (16-62 жас) 27%-дан аса құрады. ҚЖА-дан өлім-жітімді төмендету мақсатында шеңберінде 3 өңірлік кардиохирургиялық орталықты салуды аяқтау, 13 кардиохирургиялық бөлімше ашылу есебінен тиімді қызмет құрылатын, 2011 жылға қарай кардиохирургиялық операциялардың саны 16 200-нан кем болмайтын (2005 жылы - 838) Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді.
Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткішінің кейбір төмендеуіне қарамастан (19,5-тен 184,73) асқынған нысанға (57%) ие болады, ал өлім-жітім жалпы өлім-жітім құрылымында үшінші позицияны иеленеді. Жағдайды жақсарту жөніндегі шаралардың қатарында қатерлі ісіктерді анықтаудың скринингтік бағдарламасын жалғастыру, онкологиялық қызмет ұйымдарын ресурстық жарақтандыру, қазіргі заманғы химиялық препараттарды сатып алудың көлемін ұлғайту, жұлынды трансплантаттау орталығын құру қажет.
______________
3 Мұнда және одан әрі мәтін бойынша сырқаттанушылық көрсеткіші 100 000 адамға
4-график. Қазақстан Республикасында 2003-2007 жылдарда туберкулезден сырқаттанушылығы және өлім-жітімі көрсеткіштерінің динамикасы (100 000 адамға шаққанда)

Өткен үш жылда туберкулезден сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткіші (тиесінше 100 000 адамға 147,3-тен 126,4-ке дейін және 20,8-ден 18,1-ге дейін) төмендеуі белгіленді, алайда, эпидемиологиялық жағдай қиын күйінде қалып отыр. ҒБИ рейтингінде Қазақстан туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша 96 орында тұр (2005 жылғы көрсеткіш бойынша 144,0) және бизнестегі туберкулезді анықтау бойынша 107 позицияны иеленеді. Жүргізілген жаппай құрылыс салуға (соңғы үш жылдағы 19 туберкулезге қарсы мекеме) DOTS-плюс туберкулезді емдеу бағдарламасын іске асыруға қарамастан туберкулездің таралуына эпидемиологиялық қадағалау, дәрі-дәрмектік тұрақтылықты дамыту, туберкулезден өлім-жітім мәселелері өзекті болып қалуда. Бұл проблеманы шешу үшін туберкулезге қарсы қызмет жұмысының аудиті өткізілетін және туберкулезді диагностикалау стандарттарын, туберкулезге қарсы препараттардың сапасына қойылатын талаптарды, эпидемиологиялық мониторинг шараларын, материалдық-техникалық жарақтандыру стандарттарын қамтитын ведомствоаралық кешенді шаралар әзірленетін болады. Бастапқы медициналық санитарлық көмектің (БМСК) туберкулезді ерте анықтаудағы (ерте анықтауға арналған стимулдарды енгізу) рөлі артатын болады. Бұдан басқа 2009 жылы туберкулездің мультирезистентті түрлерімен ауыратын сырқат адамдарды мәжбүрлеп емдеу және оқшаулау бойынша шаралар күшейтілетін болады. 2009 жылдан бастап толық көлемді талдау, аса қауіпті әлеуметтік елеулі ауруларға қарсы іс-қимылдар бойынша халықаралық ұсынымдарды біріктіру және енгізу жұмыстары жүргізілетін болады.
ДДҰ деректері бойынша Қазақстан АИТВ/ЖҚТБ індетінің шоғырланған сатысында тұр (1,1% орта әлемдік көрсеткіште халық 0,2%). 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 9378 АИТВ жұқтырған адам тіркелді, олардың саны жыл сайын 10-13%-ға ұлғаюда. ҒБИ рейтингінде Қазақстан АИТВ таралушылығы бойынша 25 орында тұр және бизнестегі АИТВ-ны анықтау бойынша 87 позицияны иеленеді. Індеттің шоғырланған сатысында АИТВ жұқпасының таралуын тұрақтандыру мақсатында алдын алу іс-шараларын кеңейтуді, сондай-ақ оған ЖҚТБ-мен ауыратын сырқаттар мұқтаж вирусқа қарсы терапияның толық көлемін қамтамасыз етуді көздейтін 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаны іске асыру жалғастырылатын болады.
Жарақаттардан, жазатайым оқиғалардан және уланулардан болатын өлім-жітім Қазақстан Республикасы халқының өлім-жітім себептерінің ішінде екінші орында тұр. Жарақаттанушылықты төмендету үшін жарақаттану кезінде медициналық көмек көрсету стандарттарын әзірлеу, жедел медициналық жәрдем қызметінің, магистралдық жолдардың бойында орналасқан ауруханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту қажет. Одан басқа, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өндірістегі еңбек қауіпсіздігін сақтауды күшейту проблемалары бойынша көлік-коммуникациялық кешен қызметтерімен бірлесіп іс-қимылды үйлестіруді күшейту қажет.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру және қоғамдық денсаулық сақтауды жақсарту өзекті міндет күйінде қалып отыр. 2005 жылы қызылша мен қызамыққа қарсы 2,7 млн. адам жаппай иммундау нәтижесінде қызылшамен сырқаттанушылық деңгейін 100 еседен аса төмендетуге және оның деңгейін 2007 жылы 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіштердегі 0,08-ге дейін жеткізуге қол жеткізілді. Осы кезеңде халықтың обамен және тырысқақпен сырқаттанушылығы тіркелген жоқ; оба бойынша энзоотикалық аумақтарды эпизоотологиялық тексеру ауданы 27,8 мың шаршы км-ға (5%), жүргізілген дала дезинсекциясының мөлшерін 275,2 шаршы км (44%) ұлғайтылды. Сонымен қатар, сальмонеллезбен (2004 жылғы 14,7-тен 2007 жылғы 20,8-ге дейін) және «А» вирусты гепатитпен (2004 жылғы 63,7-ден 2007 жылғы 69,6-ға дейін) сырқаттанушылықтың өсуі белгіленді. Аса қауіпті және бұрқ етулері шекараларда тіркелетін басқа да жұқпалы аурулардың (атипиялық пневмония, құс тұмауы, 71 үлгідегі энтеровирусты жұқпа және басқалар) әкеліну қаупіне байланысты эпидемиологиялық жағдайлардың асқыну қаупі сақталуда. Мынадай мінез-құқықтық қауіп факторларының таралушылығы жоғары деңгейде қалып отыр: темекі шегу (22,8%), артық дене салмағы (36,9%), алкогольді шектен тыс тұтыну (18,1%). Бұл проблемаларды шешу үшін осы жылдан бастап гемофилдік жұқпаға қарсы 2 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялаумен толықтырылатын халықты иммундық алдын алу жалғасатын болады, тамақ өнімдеріндегі геномотапшылық объектілерін анықтау жөніндегі өңірлік зертханаларды кеңейту басталады.
ДДҰ деректері бойынша адам денсаулығының 50% өмір сүру салтына, көптеген созылмалы жұқпалы ауруларға (жүрек-қан тамыры жүйесі аурулары, қант диабеті және т.б.) тәуелді болады, сондай-ақ адамның өмір сүру салтына байланысты болады. Соған байланысты қазақстандықтардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене шынықтыруды дамыту маңызды болып отыр. Сол мақсатта шеңберінде денсаулық сақтау бюджетінен салауатты өмір салты бағдарламасын қаржыландыру ұлғайатын 2008-2016 жылға арналған «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» бағдарламасын іске асыру басталды. Саланың профилактикалық бағыттылығы күшейтетін, халықтың жекелеген санаттарын алдын алу тексерулерімен қамту ұлғаятын болады, азаматтардың және оның ішінде балалардың дене шынықтыру белсенділігін арттыру жөніндегі шаралар іске асырылатын болады. Әлеуметтік тапсырысты орналастырудың арқасында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық кеңейтілетін болады. Одан басқа, азаматтардың денсаулығын нығайту үшін сапалы тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында стратегия қабылданатын болады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында шараларды іске асыру сектораралық өзара іс-қимылды күшейтуге, әсіресе алкогольдік және темекі өнімдерін сатуды шектеу, жол қозғалысы қауіпсіздігі сияқты мәселелерге ықпалын тигізетін болады.
Ең үздік нәтижелерге жету үшін денсаулықты нығайту жөніндегі барлық ведомствоаралық бағдарламаларды біріктіруді, жетілдіруді және тиімді іске асыруды, тиісті салалық бағдарламалардың профилактикалық бағытын күшейту жағынан қайта қарауды қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік бағдарламамен бекітілген БМСК басым түрде дамыту бойынша қажетті шаралармен қамтамасыз ету қажет, оның ішінде: азаматтардың дәрігерді еркін түрде таңдауға құқықтарын іске асыру, жалпы дәрігерлік практиканы дамыту, БМСК кадрларын дамытудың экономикалық уәжі, осы секторда бәсекелестікті дамыту және басқалар. Соның ішінде оларды түпкілікті нәтижеге жетуге бағыттау және әлеуметтік елеулі ауруларды азайту бойынша бағдарламаларды іске асыруда БМСК деңгейінде пациентке бағдарланған көмек (үйдегі патронажды дамыту, үй, күндізгі «стационарлар», амбулаториялардағы «жедел» желілер) қағидаттарын енгізу қажет.
Нәтижесінде орташа өмір сүру ұзақтығы ұлғаяды, аурулардың ауыртпалығы мен мінез-құлықтық қауіп факторлары төмендейді.
ҚР Үкіметінің 2009.05.06. № 829 Қаулысымен 2) бөлімше өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Денсаулық сақтауды басқару тиімділігінің жеткіліксіздігі
Денсаулық сақтауға арналған мемлекеттік шығыстардың ұлғаюына қарамастан (2003 жылғы 89,9 млрд. теңгеден 2007 жылғы 299,4 млрд. теңгеге дейін) ІЖӨ деңгейі - 2007 жылғы 2,3% денсаулық сақтау ісін тұрақты дамыту үшін жеткіліксіз болып отыр (ДДҰ мәліметі бойынша ІЖӨ-ден кемінде 5%). Соңғы жылдарда жан басына шаққандағы денсаулық сақтау шығыстары белгілі өсімге ие: 2003 жылғы 6026 теңгеден 2007 жылы 20196 теңгеге дейін, сонымен бірге, бұл Ресей, Беларусь, Балтия елдері сияқты бұрынғы кеңес одағы елдеріндегі орташа шығыстан аз. Жағдай өңірлер бойынша ресурстарды тепе-тең бөлмеуге байланысты қиындауда, осылайша 2007 жылы бір тұрғынға есептелген ТМККК-не арналған шығыстарды бөлу 8 437 теңгеден 15 979 теңгеге дейін құрайды. Жыл сайын ұлғайтуға қарамастан (2003 жылғы 64,8 млрд.теңгеден 2007 жылғы 195,3 млрд. теңгеге дейін) ТМККК қаржылдандыру сондай-ақ қосымша шығыстарды қажет етеді. Бағалау деректері бойынша нормативтердің шегінде қамтамасыз етілмеген көлем 114,0 млрд. теңгеден аса құрайды.
5-график. 2007 жылы 1 адамға шаққандағы денсаулық сақтау саласына кеткен шығындар (орташа аймақтық деңгейден ауытқуы, теңгемен)

Қаржыландырудың (қор ұстау, тарификатор, екі компонентті жан басына шаққандағы норматив (ДКПН), клиникалық шығын топтары (КЗГ) тиімді тетіктерін жеткіліксіз пайдалану, негізгі қорларды жаңартуды қоспайтын қолданыстағы тариф құру жүйесі, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының нашар дербестігі және білікті менеджерлердің жоқтығы саладағы бәсекелестікті дамытуды тежейді. Медицина қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу деңгейі өте-мөте төмен күйінде қалып отыр, бұл ұсынылатын қызметтің сапасынан байқалады. Осы проблемаларды шешу үшін денсаулық сақтауға арналған шығыстар ТМККК-не өңірлер аралық шығыстардың айырмашылығын кезең-кезеңмен азайта отырып ұлғаятын болады. Өңірлік денсаулық сақтау әлеуетін дамыту үшін экономикалық преференциялар жүйелері мен өңірлер үшін стимулдар (трансферттік саясат) енгізілетін болады. Амортизациялық аударым тарифіне енгізу арқылы ТМККК қызметіне тариф құру жүйесі жетілдірілетін болады, негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі артатын болады, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына басқару шешімдерін қабылдауда үлкен дербестік берілетін болады. Одан басқа, кәсіби менеджерлер институтын және денсаулық сақтауды басқарудың транспаренттік нысандарын кезең-кезеңмен енгізу басталды, мемлекеттік медициналық ұйымдардың дербестігі арттырылады, олар нығайтылады, денсаулық сақтау саласындағы басқару ұйымдары құрылады, мемлекеттік медициналық ұйымдарды басқаруға жеке компаниялар тартылады, қазіргі заманғы басқару технологиялары енгізілетін болады. Денсаулық сақтау саласындағы менеджментті жақсарту мақсатында денсаулық сақтау менеджерлерін даярлаудың жаңа жүйесі (Ұлттық медициналық холдинг пен Еуразия Ұлттық Университетінің базасында МВА бағдарламасы) әзірленіп, енгізілетін болады.
6-график. ЖІӨ-ге %-пен шаққандағы денсаулық сақтау саласының мемлекеттік шығындары

Денсаулық сақтау саласында саясатты іске асырудың тиісті тетіктерінің болмауы және денсаулық сақтауды қаржыландырудың жетілмеуі басқару тиімділігінің жеткіліксіздігінен болып отыр. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында саясатты іске асыруды толығымен денсаулық сақтау бюджетінің қаражатын 60% аса әкімші болатын жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады, денсаулық сақтау департаменттерінің басшылары министрліктермен келіспей тағайындалады, бұл бюджетті ұтымды жоспарлаудың бірыңғай саясатын іске асыру, қаржыландыру ресурстарын біркелкі бөлу, қаражатты тиімді пайдалану кезінде іс-қимылдарды келісуде қиындық туғызады. Бұл жағдай нормативтік құқықтық базалардың жетілмеуінен қиындай түседі. Осы проблемаларды шешу үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) жобасы әзірленіп, Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. Кодекс қабылданғаннан кейін оны жүзеге асыру үшін халықаралық құқық нормаларымен үйлескен денсаулық сақтау стандарттары, нормативтер мен өзге де заңға тәуелді актілер жиынтығы әзірленетін болады. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесінің вертикалі қалпына келтірілетін болады. Сондай-ақ заңмен Министрлікке денсаулық сақтауды басқару басқарудың жергілікті органдары басшыларының кандидатураларын және фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті мемлекеттік реттеу жөніндегі өкілеттікті келісу құқығы бекітіліп берілді. Одан басқа, Министрлік пен Әкімдіктердің арасында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарын іске асыру негізі болып табылатын меморандумдар жасалатын болады. Жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаның шеңберінде денсаулық сақтау саласында қайталауды болдырмау, сондай-ақ бақылау функцияларын жеңілдету және әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында аумақтық бөлімшелерімен денсаулық сақтау саласындағы бақылау жөніндегі бірыңғай органды құру қаралатын болады. Денсаулық сақтауды басқарудың өңірлік органдарының стратегиялық және операциялық жоспарларын, денсаулық сақтау объектілерінің өңірлік желілерінің регламенттерін бірлесіп әзірлеу мен бекіту, денсаулық сақтау басқармалары қызметкерлерінің негізгі лауазымдарын тағайындау, заң бұзушылықтар мен кемшіліктерді анықтау және жою жөніндегі шешімдерді қабылдау жүзеге асырылатын болады.