Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.10.06 № 561 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы № 561 Қаулысы

 

Осы редакция 2009 жылғы 26 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 10 маусымдағы

№ 561 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

 

1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 648-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

1 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:

01 «Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар» кіші функциясында:

120 «Облыс әкімінің аппараты» әкімшісі бойынша:

001 «Облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы мынадай мазмұндағы бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

«100 Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің аппараты»;

13 «Басқалар» функционалдық тобында 09 «Басқалар» кіші функциясында:

220 «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 008-бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

«008 «Байқоңыр» кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы өкілінің қызметін қамтамасыз етуге арналған Қызылорда облысының облыстық бюджетіне ағымдағы мақсатты трансферттер».

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом