Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 643 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 133 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 9) тармақшасына сәйкес және Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету тәртібін белгілеу мақсатында, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті (Б.Х. Тәшенов) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланғанынан бастап он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы №643
Бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі
тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету ережесі
1. Жалпы ережелер