Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 27 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1301 ...

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 Қаулысы

(2008.24.06. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 27 желтоқсандағы

№ 1301 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі

 

Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

 

 

1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау

 

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің

жоспарланатын номенклатурасын әзірлеу және бекіту

 

1. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын номенклатурасын жыл сайын осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес анықталған үлгі нысан негізінде тапсырыс берушінің бірінші басшысы (жауапты хатшы) әзірлейді және бекітеді.

2. Тиісті қаржы жылына арналған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын номенклатурасы Заңның 5-бабының 2-тармағында көзделген мәліметтерді қамтуы тиіс.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом