2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 4С-3-4 шешімі
(2008.20.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 18 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 63 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № А-12/389 қаулысына байланысты Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ақмола облыстық мәслихатының 2008.05.03. № 4С-5-4 (бұр.ред.қара); 2008.20.06. № 4С-7-5 (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді
1. 2008 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 58 337 196,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 6 140 639,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 109 063,7 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 52 087 493,3 мың теңге:
2) шығындар - 59 827 578,5 мың теңге;
3) операциялық сальдо - - 1 490 381,9 мың теңге;
4) таза бюджеттік несиелер - 679 857,2 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер - 674 000 мың теңге;
бюджеттік несиелердің өтелуі - 994 142,8 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 80 300 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 80 600 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 300 мың теңге
6) бюджет дефициті (профициті) - - 2 250 539,1 мың теңге;
7) бюджет дефицитін каржыландыру (профицитті пайдалану) - 2 250 539,1 мың теңге.
2. Облыстық бюджетке, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының бюджеттеріне кірістерді бөлудің нормативтері келесі мөлшерде белгіленсін:
1) облыстық бюджетке төлем көздеріне салынатын кірістердің жеке табыс салығы бойынша - 100%;
Ақмола облыстық мәслихатының 2008.20.06. № 4С-7-5 шешімімен 1-1) тармақшамен толықтырылды