Введите номер документа
Прайс-лист

«Арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға растауды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 5 ақпандағы № 31 Бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 5 февраля 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 19 октября 2012

Арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға растауды беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 5 ақпандағы № 31 Бұйрығы

 

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 5 қазандағы № 362 бұйрығымен күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 150-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға растауды беру ережесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Ақпараттық технологиялық паркі» арнайы экономикалық аймағына қатысушылар ережесін және растауды беру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 21 ақпандағы № 64 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4566 тіркелген, «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде» 2007 жылғы № 3, 161 б. жарияланған. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың актілер жинағы, наурыз, 2007 жыл);

2) «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрінің 2007 жылғы 5 қарашадағы № 329 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5031 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқада мемлекеттік органдардың 2008 жылғы 27 наурыздағы № 1 актілер жинағында жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Индустриялық даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі А.О. Қосыновқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом