Введите номер документа
Прайс-лист

«Ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 33 бұйрығы (2009.02.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 23 января 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 2 августа 2012

Ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 33 бұйрығы

(2009.02.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығымен күші жойылды

 

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережесі бекітілсін.

2. Күшін жойды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2005 жылғы 2 тамыздағы № 264-Ө «Ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығы (нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу Реестрінде № 3817 тіркелген, 2005 жылғы 11 қарашадағы № 209-210 «Юридическая газета» және «Заң газетінде» жарияланған);

2) Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2007 жылғы 9 ақпандағы № 63-п «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2005 жылғы 2 тамыздағы № 264-Ө «Ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығы, (нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу Реестрінде № 4573 тіркелген, 2007 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар актілерінің жинағында жарияланған.

3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (А.Е. Баймұратов) белгіленген заңнама тәртібінде қамтамасыз етсін:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары А.Д. Бишіғаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом