Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 222 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 26 февраля 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 8 июня 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 222 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.« Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері»  туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 38, 515-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ережеде:

8-тармақтың екінші абзацында « 22»  деген сандар « 19»  деген сандармен ауыстырылсын;

14-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6) тармақшалармен толықтырылсын:

« 6-1) инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы бекітеді;

6-2) энергия өндіруші ұйымдармен келісімдер және инвестициялық шарттар жасасады;

6-3) энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерде көзделген инвестициялық міндеттемелерді және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламаларды орындауына мониторинг жүргізеді;

6-4) энергия өндіруші ұйымдар тобын құрады;

6-5) жеке тариф есептік тарифтен жоғары болып бекітілетін жағдайда инвестициялық бағдарламаның құнын көтеруді келіседі;

6-6) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекетгік органмен бірлесіп бекітеді;» .

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                             

 

К. Мәсімов

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 26 ақпандағы

№ 222 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

 

1. «Электр энергетикасы қондырғылары объектілерін қайта жаңарту мен кеңейту үшін қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы № 1044 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 37, 495-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы № 1044 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 41-1 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 4, 34-құжат).

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы № 1044 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 маусымдағы № 529 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 239-құжат).

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы № 1044 қаулысына толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 569 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 294-құжат).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом