"Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) бекіту ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 341-НҚ бұйрығы
(2005.15.04. . берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 5 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Табиғи монополоияларды реттеу агенттігінің 2005.15.04. № 136-НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 14-1-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 20 маусымдағы № 1141 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:
ҚР Табиғи монополоияларды реттеу агенттігінің 2005.15.04. № 136-НҚ бұйрығымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) бекіту ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Темір жол көлігі мен порттар саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департаменті (М.А. Дәрібаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (Б.Б.Досан) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін:
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңда белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.