Алматы облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджеті туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 15-92 шешімі
Осы редакция 2009 жылғы 11 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 8 - бабына,Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 1 - тармақшасына және «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, Алматы облыстық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес, төмендегі көлемде бекітілсін:
1) Кірістер - 122608704 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 15875071 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 47813 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 10000 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 106675820 мың теңге, оның ішінде:
аудандық (қалалық) бюджеттерден бюджеттік алымдар - 10429903 мың теңге;
республикалық бюджеттен түсетін трансферттер - барлығы - 96245917 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы мақсатты трансферттер - 17209474 мың теңге, оның ішінде:
білім беруге - 1624686 мың теңге;
денсаулық сақтауға - 6555730 мың теңге;
әлеуметтік көмекке - 684979 мың теңге;
мемлекеттік білім беру тапсыры негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім
алушыларға стипендиялардың мөлшерін ұлғайтуға - 88603 мың теңге;
елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін - 75745 мың теңге;
ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған субсидиялар - 6871217 мың теңге;
автокөлік жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге - 1033884 мың теңге;
жол полициясының саптық бөлімшелері сырқы қызмет қызметкерлеріннің ақшалай үлесін ұлғайтуға - 273041 мың теңге;
мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде қоршаған қорғау саласында берілетін функцияларды іске асыруға - 1589 мың теңге;
дамытуға арналған мақсатты трансферттер - 19001874 мың теңге, оның ішінде: