«2009 жылға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы» 2008 жылғы 20 желтоқсандағы Петропавл қалалық мәслихатының 12 сессиясының № 2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 7 наурыздағы № 1 шешімі
2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 104 және 109-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихатты ШЕШТІ:
«2009 жылға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2008 жылғы 20 желтоқсандағы № 2 шешіміне (2009 жылғы 26 қаңтардағы № 13-1-150 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 6 ақпандағы «Қызылжар-Нұры» № 6 және «Проспект-СК» № 6 газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсін:
1. 1-тармақта:
2) тармақшасындағы «8038922» сандары «8124845» сандарымен ауыстырылсын.
6) тармақшасындағы:
«-84000» сандары «-1923» сандарымен ауыстырылсын.
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Бюджеттік қаражаттың пайдаланылатын қалдықтары» - 85923 мың теңге».
2. Мынадай мазмұндағы 1.1 тармақпен толықтырылсын:
«Жыл басына қалыптасқан қалалық бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен 8 қосымшаға сай бюджеттік бағдарламалар бойынша қалалық бюджет шығыстарына бөлінсін».
3. 6-тармағындағы «6993» сандары «104260» сандарымен ауыстырылсын;
«5001» сандары «2000» сандарымен ауыстырылсын;
«1992» сандары «102260» сандарымен ауыстырылсын.
4. 11-тармағындағы «25865» сандары «62135» сандарымен ауыстырылсын.
5. Аталған шешімге 1, 2, 4 қосымша осы шешімге 1, 2, 4 қосымшаға сай жаңа редакцияда мазмұндалсын.
6. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізіледі.
| Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы А. Мишин | Қалалық мәслихаттың хатшысы Р. Сыздықов |
Петропавл қалалық мәслихатының
2009 жылғы 7 наурыздағы
IV шақырылған 14 сессиясының
№ 1 шешiмiне 1 қосымша