Введите номер документа
Прайс-лист

«Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын аудару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 240 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 29 декабря 2008
Статус
Утратил силу
утратил силу с 12 декабря 2014

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын аудару ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі
Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 240 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 196 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын  аудару ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы, оны бірінші рет ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таралады.

3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерінің 2009 жылғы 1 сәуірден бастап күші жойылды деп танылсын.

4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.

5. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

 

 

Төрайым

Е. Бахмутова

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом