Введите номер документа
Прайс-лист

«Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі Байқау комитетін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 358 Қаулысы (2010.29.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датапятница, 20 марта 2009
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 18 февраля 2011

Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі Байқау комитетін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 358 Қаулысы

(2010.29.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Кеден қызметін дамыту жобасы) 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. ҚР Үкіметінің 2011.29.01. № 39 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. Қоса беріліп отырған Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі Байқау комитеті туралы ереже бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден қызметін дамыту жобасын іске асыру жөніндегі басшылықтың қабылдануын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

ҚР Үкіметінің 2009.17.11. № 1859 қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.29.01. № 39 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 20 наурыздағы

№ 358 қаулысымен

Бекітілген

 

Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі Байқау комитетінің

құрамы

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 20 наурыздағы

№ 358 қаулысымен

Бекітілген

 

 

Кеден қызметін дамыту жобасы жөніндегі Байқау комитеті туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Кеден қызметін дамыту жобасы (бұдан әрі - Жоба) жөніндегі Байқау комитеті (бұдан әрі - Байқау комитеті) Жобаға басшылық жасауды және оны қадағалауды, сондай-ақ Жобаны іске асыру жөніндегі басшылықта көрсетілген талаптарға, өлшемдер мен операциялық рәсімдерге сәйкес оны іске асыруды ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында құрылған.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Байқау комитетініңжұмыс органы болып табылады.

ҚР Үкіметінің 2011.29.01. № 39 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Байқау комитетінің құрамы мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық және өзге ұйымдардың өз өкілдерінің кандидатураларын ұсынуы бойынша және Халықаралық Қайта Құру және Даму банкімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

3. Байқау комитеті өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2008 жылғы 19 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Кеден қызметін дамыту жобасы), Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

4. Байқау комитеті Жоба қолданыста болған кезеңге құрылады.

 

 

2. Байқау комитетінің құқықтары мен міндеттері

 

5. Байқау комитеті:

1) жобаның мақсатына қол жеткізуді, сондай-ақ ведомствоаралық ынтымақтастық пен іс-әрекеттердің келісімділігін қамтамасыз ету мақсатында Жобаны іске асыруды қадағалауды жүзеге асыруға;

2) Жобаның сатып алу жоспарын және Жобаны іске асыру жоспарын, Жоба бойынша жылдық есептерді қарауға және бекітуге;

3) Жоба шеңберінде өткізілген іс-шаралардың нәтижелерін қарауға және бағалауға;

4) пилоттық жобаларды зерделеу мен мақұлдауға, пилоттық жобалардың басшыларын тағайындауға және олардың функцияларын бекітуге;

5) Жобаны іске асыруға байланысты өзге де мәселелерді қарауға міндетті.

6.Байқау комитетінің:

1) Жобаны іске асыру шеңберінде активтерді шығыстау және өзге де ақпараттар туралы аудиторлық есептің көшірмесін жұмыс органынан алуға;

2) тиісті жағдайларда Қазақстан Республикасы кеден органдарының, басқа мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың мамандарын консультация алу үшін тартуға құқығы бар.

 

 

3. Байқау комитетінің қызметін ұйымдастыру

 

7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Байқау комитетінің төрағасы болып табылады.

8. Байқау комитетінің Төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және Байқау комитеті отырыстарының нәтижелері бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын жалпы бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес Байқау комитеті жүзеге асыратын қызметке және Байқау комитеті әзірлейтін шешімдерге жеке жауапкершілікте болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын Байқау комитеті төрағасының орынбасары орындайды.

9. Байқау комитеті отырыстарын қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізеді. Отырыс егер, оған Байқау комитеті мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі.

10. Байқау комитеті отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және отырыстан кейін хаттаманы ресімдеуді Байқау комитетінің хатшысы жүзеге асырады.

11. Хатшы Байқау комитетінің мүшесі болып табылмайды.

12. Төрағамен келісілгеннен кейін, Байқау комитетінің жұмыс отырыстарының материалдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің сайттарында жарияланады.

ҚР Үкіметінің 2009.17.11. № 1859 қаулысымен 13-тармақта өзгертілді (бұр.ред.қара)

13. Байқау комитетінің шешімдері дауыс беру немесе сырттай дауыс беру жолымен қабылданады және Байқау комитеті мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

ҚР Үкіметінің 2009.17.11. № 1859 қаулысымен мазмұн 13-1-тармақпен толықтырылды

13-1. Сырттай дауыс беру Байқау комитеті төрағасының немесе Байқау комитеті төрағасы орынбасарының тапсырмасы бойынша өткізіледі.

ҚР Үкіметінің 2009.17.11. № 1859 қаулысымен мазмұн 13-2-тармақпен толықтырылды

13-2. Байқау комитеті мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі жоба бойынша материалдарды дауыс беру үшін таратқан күнінен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде Байқау комитетінің төрағасы немесе Байқау комитеті төрағасының келісімі бойынша Байқау комитеті төрағасының орынбасары сырттай дауыс беру мерзімдерін қысқартуы мүмкін.

ҚР Үкіметінің 2009.17.11. № 1859 қаулысымен мазмұн 13-3-тармақпен толықтырылды

13-3. Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Байқау комитетінің мүшелері жұмыс органына жазбаша жауаптар жібереді, онда өздерінің пікірін білдіреді. Жазбаша жауап көрсетілген мерзімде берілмеген жағдайда Байқау комитетінің мүшесі жобаны қабылдауға дауыс берді деп саналады. Дауыс беру Байқау комитетінің мүшелерін ауыстыру құқығынсыз жүзеге асырылады.

14. Байқау комитеті отырыстарының нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері қол қоятын хаттама жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами