Жекешелендіруге ұсынылып отырған объектілердің тізбесін бекіту туралы
Ақтөбе облыстық әкімиятының 2008 жылғы 30 мамырдағы № 195 қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 30 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 Заңына, «Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 1431 қаулысына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жекешелендіруге ұсынылып отырған объектілердің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Ақтөбе облыстық қаржы департаменті» ММ (С. Еңсегенұлы) мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерінің тізіліміне тиісті өзгерістер енгізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Серікбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Е. Сағындықов |
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2008 жылғы 30 мамырдағы
№ 195 қаулысына
Қосымша
| № | Объектінің атауы | Баланс ұстаушы, мекен-жайы | Ескертпе (тізбеге қосу үшін негіз) | Ескерту |
| Ақтөбе қаласы |
| 1 | 1994 жылы шығарылған, м/н Д 189 ВN, "ВАЗ-21099" автокөлігі | «Жас туристер қалалық стансасы» МКҚК | Қалалық білім бөлімі бастығының 13.03.2006 ж. № 375-1 хаты | жағдайы қанағаттанарлықсыз |
| 2 | 1990 жылы шығарылған, м/н Д 375 АР, "ВАЗ-2121" автокөлігі | «Облыстық санэпидемстансасы» ММ | Түгендеу жүргізу барысында | жағдайы қанағаттанарлықсыз |
| 3 | 1995 жылы шығарылған, м/н Д 407 АС, "Шкода-Фелиция" автокөлігі | Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті | Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті бастығы орынбасарының 09.06.06 ж.№№ 11/1-270 хаты | жағдайы қанағаттанарлықсыз |