Магистралдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтер
көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің
реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 5 шілдедегі № 304-НҚ бұйрығы
Осы редакция 2009 жылғы 26 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Магистралдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Құбырлар мен су канализациялары жүйесі саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департаменті (И.Ш.Әлиев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (М.А.Токарева) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оның белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, "КазТрансОйл" акционерлік қоғамының және "МұнайТас СБТК" жабық акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның міндетін атқарушы
Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық
ресурстар министрі
__________________________
2004 жылғы 14 шілде