Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінде
Іс жүргізу және құжаттардын орындалуын бақылау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігін 2008 жылғы 2 қазандағы № 398 бұйрығы
(2010.15.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінде Іс жүргізу және құжаттардың орындалуын бақылау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің құрылымдық бөлімшелер басшылары мен қызметкерлері осы Іс жүргізу және құжаттардың орындалуын бақылау жөніндегі нұсқаулықтың ережелері мен талаптарьш орындауды камтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Индустрия және суда министрлігінің жауапты хатшысы В.К.Советскийге жүктелсін.
4. Осы бұйрық кол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстац Республикасының
Индустрия және сауда Министрінің
2008 жылғы 2 қазандағы № 398 бұйрығымен
БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда мннистрлігіндегі Іс
жүргізу және құжаттардың орындалуын бақылау жөніндегі
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасынын Заңына, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 33 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың үлгілік ережелерге сәйкес әзірленді және Қазақстан республикасы Индустрия және сауда министрлігіндегі (бұдан әрі - Министрлік) құжаттармен жұмыс жасау тәртібін оған жуктелген функцияларды орындау процесінде Министрліктін Регламентіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеге сәйкес белгілейді.