Введите номер документа
Прайс-лист

«Төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы № 662 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 7 мая 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 21 августа 2020

Төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы № 662 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 530 Қаулысымен күші жойылды

 

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 17-бабы 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 7 мамырдағы

№ 662 қаулысымен

бекітілген

 

Төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ережесі

 

1. Осы Төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ережесі «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тәртібін айқындайды.

2. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде салық органдары төлеушіге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін салық органына ұсыну туралы хабарлама жібереді. Хабарлама нысанын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілейді.

3. Төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Заңның 17-бабының 2-1-тармағында көзделген талаптарды орындау мүмкін болмаған кезде төлеушінің банктік шоттары болмаған немесе банктік шоттарында ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда жүргізіледі.

4. Төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім (бұдан әрі - өкім) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, олардың біреуі төлеушінің қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен тапсырылады.

5. Төлеуші өкімді алған сәттен бастап кассаға түсетін барлық қолма-қол ақша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылуға тиіс.

6. Өкімді төлеуші бұлжытпай орындауға тиіс.

7. Төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей өкімді шығарған салық органы өкімнің күшін жояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом