Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселері
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 265 Бұйрығы
(2009.27.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 22 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мыналарды қамтитын Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы;
бюджет түсемдерінің сыныптамасы;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымы бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
3. Мемлекеттік жоспарлау әдістемесі департаменті (Е.Бабажанова) Заң департаментімен (А.Ешімова) бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | М. Құсайынов |
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009.27.02. № 26 Бұйрығымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2008 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 265 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы
1) Бюджет түсімдерінің сыныптамасы
| Санаты | | | |
| | Сыныбы | | |
| | | Iшкі сыныбы |
| | | | Ерекшелігi |
| | | | | Атауы |
| 1 | | | | Салықтық түсімдер |
| 1 | 01 | | | Табыс салығы |
| 1 | 01 | 1 | | Корпорациялық табыс салығы |