«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» және «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қаңтардағы № 40 қаулысы
(2009.24.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 354 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-ІІ және «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63-ІІІ Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 және «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулыларына, сондай-ақ «Атаулы әлеуметтік көмек көрсету және балаларға арналған жәрдемақы беру қызметіне жәрдемдесуші учаскелік комиссиялардың Ережесін келісу туралы» облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 21/233-III шешіміне сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.04.24 № 141 Шешімімен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету және балаларға арналған жәрдемақы беру қызметіне жәрдемдесуші учаскелік комиссиялар туралы ереже бекітілсін (қоса тіркеледі).
2. Барлық деңгейдегі әкімдер:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде учаскелік комиссиялар құрсын және олардың қызметіне басшылықты қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың бланкілерін тегін беруді және куәландыруды қамтамасыз етсін;
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007.12.02 № 32 қаулысымен шешім 2-1 тармақшамен толықтырылды