Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 4 мамырдағы № 1019 қаулысы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 55 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ аталған орындарды қалқан-стендтермен және тумбалармен жарақтандырсын.
3. Ақтөбе қалалық әділет басқармасында 2007 жылғы 29 маусымда № 3-1-74 болып тіркелген, 2007 жылғы 12 шілдедегі № 86-87 «Ақтөбе» және 2007 жылғы 17 шілдедегі № 88 «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 29 маусымдағы № 1730 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы рет ресми түрде жарияланған соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімдігінің
2009 жылғы 4 мамырдағы
№ 1019 қаулысына
ҚОСЫМША