Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 14 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1222 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
Астана қ.
Мазмұны
1. Миссия және пайымдау
2. Ағымдағы ахуалды талдау
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері
4. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал тәуекелдер
5. Бағдарламалық және өзге нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі
6. Бюджеттік бағдарламалар
1. Миссия және пайымдау
Миссия: қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаны сақтау, өсімін молайту және сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуін қамтамасыз ету жөнінде жағдайлар жасау.