2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 137-IV шешімі
(2009.14.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 17 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес және облыс әкімияты ұсынған 2009 жылға арналған облыстық бюджет жобасын қарап, облыстық мәслихат Х сессиясында ШЕШІМ ЕТТІ:
Атырау облыстық мәслихатының 2009.14.01. № 149-IV шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1-қосымшаға сәйкес келесідей көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 86 499 037 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 40 899 875 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 67 182 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 100 мың теңге;
ресми трансферттердің түсімдері - 45 529 880 мың теңге;
2) шығындар - 71 270 584 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 1 666 324 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер - 22 000 мың теңге;
несиелерді өтеу - 1 895 324 мың теңге;
4) Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 16 268 415 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 16 271 321 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 2 906 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 626 362 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -626 362 мың теңге.
2. 2009 жылға арналған облыстық бюджет табыстары Бюджеттік кодексіне сәйкес келесідей салықтық түсімдер есебінде жасақталатыны белгіленсін:
Атырау қаласы мен аудандар бюджеттеріне есептелетін сомада басқа әлеуметтік және жеке табыс салығы;