Қазақстан Республикасының делегациясын Лиллехаммер қаласына (Норвегия Корольдігі) іссапарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 272 Қаулысы
(2009.27.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Норвегия Сыртқы істер министрлігінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тақырыбы бойынша дайындық тренингіне қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы 2009 жылғы 8-15 наурыз кезеңіне Лиллехаммер қаласына (Норвегия Корольдігі) іссапарға жіберілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі делегация мүшелеріне тәуліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009.27.05. № 782 Қаулысымен құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 6 наурыздағы
№ 272 қаулысына
Қосымша
Лиллехаммер қаласына (Норвегия Корольдігі) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
| Ахмет Руслан Тоқтыбайұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары |
| Қонақбаева Саягүл Болатқызы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы департаменті гуманитарлық басқарма бастығы |
| Құбашев Ерлан Ескендірұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаменті директорының орынбасары |
| Жәутік Асқар Патиллаұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің екінші хатшысы |
| Оңайбаев Талғат Мәрленұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы департаменті директорының орынбасары |